COVID-19қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Мекен-жайы

Тараз қ,Желтоқсан көш,69Б

Байланыс Телефоны

+7(7262)50-13-55+7(7262)54-11-24

Жұмыс уақыты

Дүйсенбі - Жұма:09.00 - 18.00

Ш.МҰРТАЗА АТЫНДАҒЫ
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТАРАЗ
ИННОВАЦИЯЛЫҚ ИНСТИТУТЫ

Басты бет / БІЗ ТУРАЛЫ / Кәсіпкерлік орталығы

Кәсіпкерлік орталығы

Кәсіпкерлік орталығының негізгі бағыттары,мақсаттары мен міндеттері

«Кәсіпкерлік орталығы»(бұдан әрі – КО) - Халықаралық Тараз инновациялық институтының(бұдан әрі-ХТИИ) құрылымдық бөлімшесі болып табылады.

КО институт президенті,ректоры және Стратегия,ғылым-инновация және халықаралық байланыстар жөніндегі проректордың басшылығымен қызметін атқарады.

Орталық жұмысының негізгі бағыттары:

- кәсіпкерлік орталығының,сонымен қатар бизнес-инкубатордың ағымдағы жұмысын ұйымдастыру және дамыту;

- білімгерлер ортасында кәсіпкерлік дағдыларды қалыптастыру және дамыту;

- институт оқытушылары мен білімгерлері жобаларын бизнес-инкубациядан өткізуге мүмкіндіктер жасау;

- инновациялық жобаларды қолдап,жылжыту;

- стартап мәдениетін қалыптастыру мақсатында хакатон,стартап-конкурстарға стартап-менеджерлер мен білімгерлерді щақыру;

- орталық жұмысын тиімді ұйымдастыру мақсатында мемлекеттік ұйымдар,Атамекен Өңірлік кәсіпкерлер палатасымен,басқа да стейкхолдерлермен ынтымақтастық келісімдерін жасау.

Орталық қызметі бойынша келесі мақсаттардыорындайды:

- орталықтың қызметін институттың мақсатты индикаторларына және стратегиялық жоспарына сай ұйымдастыру;

- заманауи ииновациялық,педагогикалық әдістер,тәсілдер мен технологияларды насихаттау және бизнес ортамен бірлесе отырып,ақпараттық-коммуникациялық байланыс орнату;

- институт білімгерлері,стартап-менеджерлер мен кәсіпкерлерге бизнес негіздері,гранттық бағдарламалар жөнінде жеке және топтық кеңес беру;

- кәсіпкерлікті насихаттау,студенттік ортада жаңа формациядағы кәсіпкер кейпін қалыптастыру;

- КО мен институт имиджын көтеру.

Орталық қызметі бойынша келесі міндеттердіорындайды:

- кәсіпкерлік құзыреттілікті қалыптастыру бойынша бірыңғай ақпараттық,білім және кеңес беру орталығы рөлін атқарады;

- студенттік экожүйені қалыптастыру бойынша бағдарламаларға ат салысып,жүзеге асырады;

- өңірдегі кәсіпкерлік білім мен ойлауды қалыптастыруға үлес қосады;

- институт ішінде,өңірде және республикалық деңгейде кәсіпкерлік қауымдастықты қалыптастырып,дамытады;

- кәсіпкерлік дағдыларды және ойлауды қалыптастыру бойынша тренингтер өткізеді;

- қонақ дәрістері мен оқу үрдісіне кәсіпкерлік саласындағы сарапшыларды,кәсіпкерлерді шақырып,бірлесе жұмыс жасайды;

- орталық жобаларын дамытуға өз ұсыныстарын беріп,шаралар қолданады.

Кәсіпкерлік орталығының жұмысы